Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты.

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Толыбаева ҚАЖ мекемесінен 2021 жылдың желтоқсанында шығарылған.

Қазақстандық спортшы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапқан болатын. Сол кезде Жанар Толыбаева “Қылмыс туралы хабарламау” бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс барысында оның жүкті екені белгілі болып, екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

ulysmedia.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.