ЖАСТАРДЫҢ 35% ГАСТРИТТІҢ АУЫР ТҮРІНЕ ШАЛДЫҚҚАН

 Дәрігерлер дабыл қағуда. Себебі, бүгінде жастардың басым бөлігін асқазан аурулары мазалайтын көрінеді. Соның кең таралған түрі -гастрит. Бұрын бұл індет егде жастағыларда көп тіркелетін болса, қазір қатарда тіпті, мектеп оқушылары да бар.

  • Аймақта жастардың 35 пайызы гастриттің ауыр түріне шалдыққан.Басты себептамақтану режимінің бұзылуы екені белгілі. Уақытылы дәрігерге көрінбеу де дерттің дендеуіне түрткі. Тіпті, асығып ас ішу, тым ыстық я  суық, ащы тағамдардыкөп тұтыну да асқазан жарасына әкеп соқтырады. Сондықтан мамандар дер кезінде емдік шара қолдану керек, – деп дабыл қағуда. Оған  асқазан ісігіне шалдығу қаупі бойынша соңғы статистика себеп.

taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.