100 қызметтің тілін біл

Біз білетін egov-та 100-ден  аса қызмет түрі бар. Бірақ бұқара бірнешеуін ғана біліп, қызметін алып жүр. Көбісі қалғанынан бейхабар. Білмеген соң, орталықта ұзын-сонар кезек туындайды. Кейін әдеттегі базаның қатуы дегенді естиміз. Оның үстіне egov қазір мобайл цифрлы құжатқа айналып бара жатыр.

  • Мәселен қазір көлікті ХҚК орталығына  бармай-ақ тіркеуден шығарып я тіркеуге болады.

Еркін ЖАПАРОВ ХҚКО №2 БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл қосымшалар ды екінші деңгейлі банктер мүддесіне алып отыр. хқко-на келмей ақ осы қызметті ұсыну бойынша. Каспи қосымшасына кіретін болсаңыздар, мемлекеттік қызыметтер қосымшасында кезең-кезеңімен көрсетілген. Қазіргі еговта жоқ, тек мамандандырылған хқко-да.

  • Платформадан мекенжай анықтамасын,  некеге тұру туралы куәлігі,  жылжымайтын мүлiктiң болмауы сынды 100-ден аса қызмет түрлері қолжетімді. Сондай-ақ, аталған қосымша арқылы перзентханада жаңа туған баланың туу туралы куәлігін де смартфон арқылы алуға болады.  Ал, көпшіліктің сұрағы база неге жай жұмыс істейді?

Еркін ЖАПАРОВ ХҚКО №2 БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Кейде бір қызметті оңтайландыратын сәтте өшіре тұру қажет. Яғни тиісті деңгейіне жеткізгенше. Кей жағдайларда екі қызметті бірдей қосатын кездер болады.

  • Қазіргі таңда жеке куәлікті жасату сынды  қызметтер үшін кезекті онлайн брондау іске қосылған. Бұл халыққа өте тиімді,- дейді орталық басшысы. Алайда, қызмет түрін біле бермейтін тұрғындар да бар. Сондықтан, «еговты» дұрыс пайдалана білу қажет. Цифрландыру – заман талабы. Еске салсақ, Бағдат Мусин былтыр ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайтуға жұмыс істеу керектігін атап өткен еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *