Дәрігер: Эпидемиялық паротиттің алдын алу үшін балаларға екпе егу керек.

Алматылық дәрігер эпидемиялық паротит ауруы жайында айтып берді. Эпидемиялық паротит «борықтану» деп те аталады, себебі, бұл инфекцияда сілекей бездерінің қабынуы байқалады, ол бет пішінінің өзгеруіне әкеледі. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова айтты. Дәрігер сөзіне қарағанда, борықтануға әр адам ұшырайды. Алайда, вирус көбінесе 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға әсер етеді, себебі, бұл жаста иммундық жүйе әлі толық қалыптаспайды. Бірақ, паротит әлдеқайда жеңіл өтеді. «Патологияның дамуы паротит вирусын тудырады. Ол ағзаға тыныс алу жолдары арқылы енеді. Науқастың айналасындағы адамдар онымен жақын байланыста болғанда жұқтырады. Қоздырғыш сілекеймен шығарылады. Адам бұл аурумен әсіресе қыс, көктем мезгілдерінде жиі ауырады», – деді Алмаш Ахметова. Дәрігер бұл дерттің белгілері жайында да айтты. «Ауру инфекция жұқтырған соң 11-23 күннен кейін, сондай-ақ жедел түрде қызба, интоксикация, тамақ шайнау кезінде және ауызды ашқанда ауырсынудан басталады. Құлақтың артында орташа ауырсыну байқалады. Бір апта ішінде екінші бездің ісінуі пайда болады. Тіл асты безі зақымданғанда иек аймағында ауырсыну сезіледі. Сілекейдің жиналуы төмендейді. Оған құсу қосылады»,- деді дәрігер. Паротит асқынғанда: ми қабығының қабынуы, ұйқы безінің қабынуы, құлақ аурулары (саңырауға болуға дейін) асқынады. «Паротиттің алдын алудың жалғыз жолы – балаларды вакцинациялау. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеді және 100% нәтиже береді. Вакцинация 1 және 6 жас аралығындағы қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикамен бір мезгілде жүргізіледі», – деді эпидемиологиялық дәрігер Алмаш Ахметова.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *