Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы 19 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Биылғы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 15,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 1,3 мыңы – ымдау тілі қызметін, 2,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін алды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 799 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 157 ОТҚ жеткізуші, 16 мыңнан астам жеке көмекші, 289 ымдау тілін қызметін, 83 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелге