Айсезімнің еміне 1 млрд жиналды

Күні кеше барша қазақстандыққа мәлім Тараздық Айсезімнің еміне қажетті сома жиналды. 1 млрд. теңге! Айсезім ауыр генетикалық дертке шалдығып, өмір мен өлімнің арасында арпаласып жатқанына жылдың жүзі болған еді.

Сағыныш ЖАҚСЫЛЫҚ АЙСЕЗІМНІҢ ӘКЕСІ

3-4 күн бұрын Айсезімнің жүрегі тоқтап қалды. Себебі, ауру барлық органға әсер етеді.Осыны көрген Айнұр ханымтез тез тікелей эфирге шығайық, сборды жаппасақ болмайды, деді.

  • Отбасы Айсезімнің дерті жайында ақпан айында білген.  1 жарым жастағы сәби сирек кездесетін омыртқа бұлшықетінің атрофиясынан зардап шегуде. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, мұндай диагнозбен ауыратын балалар бар-жоғы бес-ақ жыл ғана өмір сүреді екен. Бірақ, былтыр жарияланған күшіміз бірлікте ұранын бір топ блогерлер қолдап, ауызбіршіліктің нағыз үлгісін көрсетті. Айсезім Еркін енді қажетті екпесін ала алады.

Сағыныш ЖАҚСЫЛЫҚ АЙСЕЗІМНІҢ ӘКЕСІ

Елімізде мейірімді жандар әлі де бар. Айсезімнің оқиғасына қанық болғандардың бәрі көмегін аямады. Алғаш көмек көрсеткен Тараздағы Ардаша ханым.Барша қазақ еліне рақмет, бәрі көмегіен аямады. Біздің көз алдымызда бұған дейін дәл осындай аурумен ауыратын 3-4 бала өмірден өткен еді.

  • Ал, қазір Айсезім тұрақты ауыр халде ауруханада. Әзірге сәбидің жағдайына байланысты дәріні қабылдайтын уақытты күтуге тура келеді. Ал, екпені алса, дерттің асқынуы тоқтамақ. Айта кетейік, емге қажетті соманы жинауға еріктілермен қатар Айнұр Тұрсынбаева, Дәулет Мұқаев, Нұрболхан Шарап, Елдос Колобок, Жансерік Қадырбаев секілді бір топ блогерлер көп көмектескен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *