31 кәсіпкерлік нысан зардап шекті
5-9 қаңтар аралығындағы бассыздық кезінде Жамбылдық кәсіпкерлер де зардап шеккен. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы нысандардың шығыны толық өтеледі деді. Ол үшін не істеу қажет? Аймақтағы шағын және орта бизнес өкілдері қанша шығынға батты?
ЕРКІН АТЫМТАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі таңда 3 кәсіпкеріміз бүкіл құжаттарын жинап инфо қазақстан арқылы тіркелді.Ертең комиссия отырысы болады. Сол комиссия отырысында сол шығындарды өтеу бойынша шешім қабылдайды. Кәсәпкерлердің шығынын өтеу мемлекет тарапынан берілетін болады.
- Нақтырақ айтқанда Эврика, технодом сынды сауда дүкендері де бар. Шығындарын есептеп, “Атамекеннің” байланыс орталығына қазірге дейін 10 мыңнан астам қоңырау түскен. Төтенше жағдайда келтірілген залалды өтеу мақсатында электрондық өтініштерді қабылдау басталды.
ЕРКІН АТЫМТАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі таңда біз мынау жұмыспен жол картасы бойынша несие беріп жатырмыз 6 пайызбен. Біздің облысымызға 1,8 млрд қаражат келген. Бүгінгі таңда 172 кәсіпкер сол несиені алып өз кәсіптерін жүргізіп жатыр.