«КАЗФОСФАТ»: жылдық есеп
Аймақтағы химия саласының 90 пайызы «Казфосфат» компанияның үлесінде. Бердібек Сапарбаев аталған зауытқа арнайы барып, басшының жылдық есебін тыңдады. Қандай жұмыстар атқарылды, алдағы жоспарлар қандай?
- Кәсіпорында аммофос, фосфор, сары фосфор шығарылады. Шығарылған өнімнің 80 пайызы Ресей, Белорусия, Украина,Литва, Латвия, Польшаға жіберіледі.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Біз әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ерекше көңіл бөлудеміз. 3 айда Қаратау қаласындағы 72 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бірінші кезекте көп балалы отбасылар, қызметтегі ардагерлеріміз сондай-ақ мүгедектер пәтер алды. Сонымен қатар, қалада «Казфосфат» қаржысына «Тәуелсіздікке 30 жыл» саябағы салынды. Жаңатас қаласында жұмысшыларға арналған 220 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.«Таразға Тарту» жобасы аясында компания «Үшбұлақ» жағалауын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.Жалпы, өткен жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына 6,8 миллион доллар бөлінсе, биыл 21,2 миллион доллары қарастырылып отыр.
- Зауытта 6200 адам жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы қызметкерлердің жалақысы 40 пайызға көтерілген. Осы жылы 15 пайызға өспек.
Шахтыбай БАЙҒАНОВ «НДФЗ» КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Менен бұл зауытта жұмыс жасап жатқаныма 40 жылдан асты, бәріне куәмін. Уәде берілген нәрсе орындалады. Бұл бізді қуантады. Сыйақы жайында басшылардан сұраған едік , барлық жұмысшыларға төленді. 1 шілдеде жалақымызды 10 пайызға көтерді.
- Жиыннан соң аймақ басшысы «Казфосфатта» аммофос өндіретін жаңа желінің құрылысымен және «Джон Бан МеталлПром» ЖШС-нің мырыш оксиді мен қорғасын шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Цех іске қосылған сәтте 200 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. 2021 жылы кәсіпорында 553 миллиард теңгеге өнім өндірген.