Азық-түлік қымбаттаса, қайда шағымданамыз?

  • Қазір елде азық-түлік құнының көтерілуіне қатысты 6 айлық мараторий. Тұтас тәртіпті елемей, ескертусіз баға көтеретіндерге қандай шара  бар? Сөреде негізсіз өскен  сомаларды байқап, кәсіпкерлік басқармасының жұмысына атсалыссаңызда болады екен. Салалық басқарма сөй дейді.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ ЖО КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Баға өскенде колл центрге хабарлассаңызда болады.

  • Басқарма басшысы тіпті жеке жұмыс телефонымен де бөлісті.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ ЖО КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  «немесе жеке телефоным 45-58-50-ге хабарласуға болады.

  • Басшы бағаға барымта жасайтындарға қарсы  бірігейік дейді. Рас. Осыдан 2 күн бұрын ғана аймақ басшысы баға бағамын бақылауды шегелеген еді ғой. Осыдан болса керек, басқарма «қадағалау күшейеді» –  деп тілшілерді сендірді. Кезекпен қойылған сауалдардан мүдірмеді әйтеуір. Десек те, сусабындай ұстатпайтын сомалар неге уыстан шыға береді? Әрине әуелгісі делдал екендігі анық. Кейінгісі…

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ ЖО КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Көтерме сауда орындарының өзінде баға тұрақсыз. Әр жерде әр түрлі…\

  • Айта кетейік,  дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемақы қою 15% – дан аспауы тиіс. Талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Ал, шекті бағаны қайдан көре аламыз? Спикердің сөзінше, жуырда осы бойынша арнайы онлайн платформа әзірленбек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.