Қайтарымсыз несие көлемі артпақ

Екі қолға бір күрек таппай жүрсеңіз, назар салыңыз. Сіз үшін маңызды ақпар!Биылдан бастап несие 2 есеге артады.  Қыдыруға, той тойлауға емес, кәсіп бастауға арналған. Анығырақ айтсақ, енді қайтарымсыз грант 1 млн 225 мың 200 теңге болмақ. Қомақты қаржыны иелену үшін не істеу керек?

Зухрат ПІРІМОВ      КӘСІПКЕР

Бала кезімде ойыншық жоқ етін менде. Ойыншықты өзім жасайтынмын үйде. Бір күні кішкентай қалам тауып алдым. Содан тауықтың суретін салдым. Ойыншықтың жоғынан өнер пайда болды. Түйелерді жасайтын едім, қойларды жасайтын едім лайдан.

Кішкентайдан  қолөнерге жақын болды. Таланттың  талабы таудай еді.

Алғашында бірең-сараң тапсырыстарды үйден қабылдайды. Қысылтаяң шақта тіпті түрлі қара жұмыстарды да  істейді. Десе де 57 жасында мемлекеттік конкурсқа қатысып, грантқа ие болады. Қайтарымсыз несиені иеленемін деп ойламадым,- дейді кәсіпкер. Себебі өтініш тастағандардың бәрі жастар еді. Тіпті «мына шал кәсіп ашамын дей ме?» дегендер де болған.

 Зухрат ПІРІМОВ      КӘСІПКЕР

Өмірде бәрі болады.\\Үзіліс болды шамамен он бес жылдай. \\\ Гранттан кейін кірісіп кеттім 100 пайыз. 

Қолға түскен ақшаға екі тігін машинасы, үтік сияқты ең қажеттілерін алған. Бір күнде 4-5 бас киім тігеді. Бірінші теріні илеп, дайындайды. Кейін оны макетке кілеймен отырғызады. Дайынын 3 сағаттай кептіреді. Алғашында тапсырыс берушілер аз еді. Бүгінде айына 120 бас киім жөнелтіп отыр.

Кезекті конкурсқа өтінім беру шамамен Наурыз айында басталады деген болжам бар. Айта кетейік 1 млн 200 мың теңгелік қайтарымсыз несие  облыста 2630 адамға беру жоспарланып отыр.Ал өткен жылы…

Ақбота БАТЫРБЕКОВА   ЖО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

-Мемлекеттік грант 200 МРП 583 мың 400 теңге\\ \\\  00:29-00:39  \\ 2021 жылы Жамбыл облысы бойынша … 2198 адамнан астамы мемлекеттік грантқа ие болды. \\\

Грант конкурсына қатысушылардың тұрақты жұмысы болмауы керек. Және студенттер мен зейнеткерлерлер жұмыссыздар санатына кірмейді. Тиісінше байқауға үміткер бола алмайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *