ҚАЛАДА ҚАНДАЙ ҚҰРЫЛЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ?

Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінде 21 тұрғын үйден 1091 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев айтты.
Бұдан өзге, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйлердің құрылысына 8,9 млрд. теңге бөлініп отыр.оның ішінде қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7,0 млрд. теңге түскен.
Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерді. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған.
2021 жылы 135 нысанның құрылысына 24,2 млрд. теңге қаражат бөлінді
Биыл Таразда сақалды құрылыстар және қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша да жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы басталып ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде,23 нысан бойынша материалдар сотқа жолданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.