Биыл мақта бағасы өсті

Қазір Түркістандық шаруалар ақ алтынның бір келісін 250 теңгеден саудалап жатыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100 теңгеге қымбат. Бұрын диқандар өңірдегі мақта өңдеу зауыттарына ақ алтынның келісін 120-140 теңгеден әзер өткізетін. Ол кеткен шығынды жаппай, шаруалардың ала жаздай еткен еңбегі далаға кететін.  Мақтаарал мен Жетісай аудандарында мақта терімі басталды. Жергілікті диқан Мұрат Құрбанов биыл 60 гектарға алқапқа 120 күнде пісетін ақ алтынның дәнін сепкен. Қазір шаруа әр гектардан орта есеппен 30-35 центнерден өніп алуда. Бұл сұрыптың бір артықшылығы ішінде шиті көп. Әрі сапсы да жақсы, дейді шаруалар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.