Елордадағы бокс кешінде Бек Нұрмағамбет мексикалықты нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы, 2019 жылғы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы – 2» кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Бектің қарсыласы мексикалық Бруно Сандовал (21-5) болды. Бәсте екінші орта салмақта WBA International чемпионы титулы болды. Нұрмағанбет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Айта кетейік, былтыр жазда Нұрмағамбет кәсіпқой рингтегі дебютін өткізген. Бүгінге дейін бес жекпе-жек өткізіп, үшеуінде нокаутпен, екеуінде төрешілер шешімімен жеңген.

Leave a Reply

Your email address will not be published.