BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КИПР ПРЕЗИДЕНТІН І ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтіп, оның елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы Кипр Президентіне елдер арасындағы достық пен сенімді бекітуге бағытталған еңбегі үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Кипр арасындағы саяси диалог пен өзара ықпалдастықтың нығайғанын атап өтті. Ол болашақта да бірлескен күш-жігер екіжақты қатынастарға жаңа серпін беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисті Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Кипр Президенті өз кезегінде жоғары мемлекеттік награданы қабыл алып, Қазақстан басшысына алғысын білдірді. Ол бұл марапатты Кипр халқы атынан достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

Никос Христодулидис Астанаға сапары екі ел арасындағы өзара сенім мен саяси ерік-жігердің айқын көрінісі екенін атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *