BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТОҚАЕВ EDF БАСШЫСЫ БЕРНАР ФОНТАНАМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Бернар Фонтанамен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Кездесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және болашақ даму бағыттары талқыланды. Төмен көміртекті және атом энергетикасы саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын француз компаниясымен әріптестікті кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Президент екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор мүмкіндік бар екенін айтып, Қазақстанның бұл бағытта француз компаниясымен байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

EDF басшысы өз кезегінде компанияның орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық серіктестермен, соның ішінде EDF компаниясымен ашық әрі тең құқықты негізде тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін растады.

Кездесу барысында уран жеткізу және осы саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де қарастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *