Жас маманның анасына алғыс хат берілді

Ел президенті мемлекет –отбасыдан басталатынын және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді.  Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде , есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан!

Мерекеге орай бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде  отбасы күні мерекелік іс-шараға жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен аталып өтті. Онда мекеме бастығы және оның орынбасарлары көп балалы және отбасылы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен, жетістікке жеткен және білімді азамат тәрбиелеп, бойына адамгершілік, іскерлік қасиетті сіңдіріп өсіргені үшін медицина бөлімінің фельдшері жас маман әділет  лейтенанты Саткулов Азамат Үйсинбекұлының  анасы Толқын Рысқұлбекқызын Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы  әділет полковнигі Тенизжан Нұрмаханұлы Жәнібековтен келген алғыс хатпен  марапаттады. Сонымен қатар, жеке құрам арасында қызығы мен қиыны мол жұмыспен қатар отбасындағы саналы ұрпақ тәрбиелеуде әкелік-аналық міндеттерін адал атқарып жүрген көп балалы отбасыларға алғыс жарияланды.  Шара әрі қарай қызметкерлердің жүрек жарды тілектерімен және қызықты оқиғаларымен жалғасын тапты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.