Пластик құтылардан вирустан қорғайтын киім тігіледі

Тайланд жұрттан қалған пластик құтыларды кәдеге жаратты. Пластик құтылардан коронавирустан қорғайтын киім дайындалады. Арнайы киім тігуді Районг провинциясындағы тоқыма фабрикасы қолға алған. Алдымен пластик құтыларды өңдеп, одан жіп еседі. Сол жіптен суға төзімді қорғаныш киімі тігіледі.

Фабрика өкілдері бұл өнім коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеушілерге арналғанын айтады. 18 пластик құтыдан бір қорғаныш киімі тігіледі екен. Өндіріс орыны бір жыл ішінде 18 миллион құтыны кәдеге жаратыпты. Пхра Маха Праном Дхаммалангкаро, ғибадатхана қызметкері: – Қорғаныш киімі болмай көп қиындыққа бастан кештік. Себебі ақша болғанмен вирустан қорғайтын мұндай киімдер тапшы болды. Бірақ қазір бұл ауыр кезеңдер артта қалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.