ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ АРЗАНДАДЫ
Халықаралық Әулие-Ата әуежайы жылына 650 мың жолаушыға қызмет ұсына алады. 2000 жылы ашылған әуежай тұрақты негізде Астана, Алматы және Атырау қалалары бағыттарында әуе рейстерін орындап келеді –деп хабарлайды «Taraz24newsKZ» ақпараттық агентігі.
Халықаралық Әулие-атаәуежайы өткен жылы 215 мыңға жуық жолаушы мен 68,9 тонна жүк тасымалданған. Тұрақты негізде Астана, Алматы және Атырау қалалары бағыттарында әуе рейстері орындалуда. ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан «Алматы-Тараз-Алматы» және «Тараз-Атырау-Тараз» әуе бағыттары субсидияланады. Ал билет құны Алматыға 16 000 тг, Атырауға 28 000 тг құрайды. «Тараз-Астана-Тараз» әуерейсі коммерциялық болып табылады.
Бізде Астана, Атырау және Алматы бағыттары бойынша рейстер бар. Алматы бағыты аптасына жеті рет, ал Атырау бағыты аптасына екі рет субсидияланады. Сонымен қатар, әуежай маршруттық желіні дамыту бойынша жұмыс істеп, ұшақтар қабылдауды, жүк рейстерін және чартерлік туристік бағдарламаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Мәскеу бағыты бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұрын бұл бағытта қызмет көрсетілген, қазір оны қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз,-дейді Халықаралық Әулие-Ата әуежайы коммерциялық бөлімнің басшысы Юлия ЕГОРОВА .
Айта кетейік, Әуежай 2011 жылдан бері «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ тиесілі. 2015 жылы қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, заманауи талаптарға сай сәйкестендірілген. Мұнда 250-ге жуық қызметкер жұмыс атқарады. Аумағы 6 800 шаршы метр құрайтын жолаушылар терминалы бір мезетте 3 рейс операцияларын орындай алады.