TARAZ 24 ONLINE ruВластьГлавная страницаНовостиОбществоПопулярные

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ

Жамбылда жұмыссыздық мәселесін шешудің жаңа жолы қарастырылған. Жауаптылар ендігі жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттырып, жаңа мамандық беру қолға алмақ,-деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Былтыр облыста 1 291 адам кәсіптік оқуға жолданып, 1 243 азамат оқуын аяқтап, 99,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген. Айта кететін болсақ өтінім берген жұмыс беруші мекемелер оқытылған азаматтарды жұмысқа орналастыруға міндетті. Әр оқытылып жатқан азаматқа шәкіртақыға дейін қаралған екен. Айына 32 мың 6 жүз теңге, жол жүру ақысы 13 мың 8 жүз теңге. Биыл осы көшпен 1 315 адамды кәсіптік оқумен қамту жоспарға қойылды.

Жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандық беру жұмыстары қолға алынған. 2024 жылы 1 291 адам кәсіптік оқуға жолданып, 1 243 азамат оқуын аяқтап, оның 1 234-і тұрақты жұмысқа орналасты немесе оқуын аяқтағандардың 99,3 пайызын құрады.,-дейді Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Еркін КЕЛЕСОВ .

Кәсіптік оқытуда өзінің бекітілген мамандықтар тізімі бар. Олар: тігінші, есепші, есепші кассир, жихаздарды құрастырушы, аспазшы, шаштараз, электр газбен дәнекерлеуші, кондитер, бет әрлеуші, тәрбиеші көмекшісі және тағы да басқа қажетті жұмысшы мамандар.

Ал 2025 жылы 1 008 адамға 1,6 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *