TARAZ 24 ONLINE ruВластьГлавная страницаНовости

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы №59 түзеу мекемесіне Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өңірдегі өкілі Еркін Тілешұлы Қуанышев жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында сотталған азаматтардың талап-тілектері тыңдалып, олардың тұрмыс жағдайы зерделенді, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Сапар аясында Еркін Қуанышев №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке қабылдады. Сондай-ақ №26 мекемеден ауысып келіп, бүгінде осы түзеу мекемесінде еңбек етіп жүрген сотталғандармен де жүздесті.

Қабылдау кезінде азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, өтініштері мен сауалдарын жеткізді. Уәкіл өкілі олардың әрқайсысын тыңдап, көтерілген мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, мекеменің тұрғын бөлмелерін аралап, сотталғандардың күнделікті тұрмысымен, жатын орындарымен және ұстау жағдайларымен танысты.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қадағалау, олардың арыз-өтініштеріне құлақ асып, түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Адам құқықтарын қорғау мен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуде осындай кездесулердің маңызы зор. Өйткені әр азаматтың құқығы мен заңды мүддесі, оның қай жерде жазасын өтеп жатқанына қарамастан, қорғалуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *