Поздравляем со вступлением в силу Народной Конституции!
TARAZ 24 ONLINE ruГлавная страницаНовости

№59 мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және рақымшылық заңы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

№59 мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және рақымшылық заңы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ҚР рақымшылық заңы мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі, әділет капитаны Бағжан Айнакулов жүргізді.

Жиналыс барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, заң талаптарын қатаң орындау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, рақымшылық жасау туралы заңның негізгі талаптары мен оны қолдану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *