Аңыз футболшы Герхард Мюллер көз жұмды
«Ұлт бомбардирі» аталып кеткен Германияның аңыз ойыншысы Герхард «Герд» Мюллер 76 жасында өмірден өтті. Германияның танымал футболшысы, әлем және Еуропа чемпионы Герхард «Герд» Мюллер (Gerhard «Gerd» Müller) 76 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы жексенбі күні «Бавария» клубы хабарлады. «Бавария» сапында Мюллер 607 матчқа қатысып, «566 таңғажайып голдың» авторы атанған. Ал 22 жылдық карьерасында «Ұлт бомбардирі» аталып үлгерген аяқдоп шебері жалпы есепте 1461 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Тарихта жеті рет сұрмерген атанған. Мюллер 1971/72 маусымда 40 гол салған. Оның бұл рекордының мұрты жарты ғасыр бойы бұзылған жоқ. Тек «Бавария ойыншысы Роберт Левандовски «Аугсбургпен» өткен матчта 41-голын соғып, Мюллердің рекордын жаңартты.